Шашағы бар сәндік бау
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сәндік лента түрлі түсті жіптерден қолмен өру және ширату тәсілдері арқылы жасалған. Негізгі бөлігі қара-қызыл түсті диагональды өрнекпен орындалып, ақ, қызыл және жасыл түсті жіптермен безендірілген. Лентаның ұштары мен түйіндік бөліктері қызыл, сары, жасыл және қою қызыл реңкті жіптерден жасалған көлемді шашақтармен толықтырылған. Шашақтардың ұштарына ашық түсті ұсақ моншақтар тағылған. Бұйым киіз үйдің ішкі кеңістігін сәндеуге, уықтар арасына іліп қоюға арналған. 2000 жылы Қазақстанда қолөнерші Балжигитова Р. тарапынан жасалған. Жәдігер қазіргі қазақтың дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерінің үлгісі болып табылады.
Мерзімі: 2000 жыл
Материалы: Жүн және жартылай жүн жіптер, моншақтар
Техникасы: Қолмен өру, ширату, шашақ жасау
Өлшемі: Ұзындығы 1,57 м