Костюм
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сары түсті, қайырма жағалы, тіктөртбұрышты өрнектері бар матадан тігілген. Костюмнің сол жағында төс қалтасы, екі жан қалтасы бар. Алдында үш түйме, қондырма ұзын жеңінің жеңұшына төрт түйме қадалған. Ішкі жағында екі төс қалтасы бар. Жағасына және сол жақ қалтасының төменгі жағына бұйымды өндіруші фирманың белгісі - «massaro» жазуы бар ақ түсті этикетка тігілген. Костюмнің артқы бойында екі етек қиығы бар. Жазулары: «massaro».
Техникасы: машина тігісі.
Материал:
Мақта материалы
Өлшемі:
жалпы ұз. 73 см, екі иіннің аралығы 44,5 см, жең ұз. 60 см, етегінің шалғайы 106 см.
Санат:
Киім және кесте