«Соғысқа қатысушыға. ҰОС Жеңіске 40 жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль дөңгелек пішінді, жоғарғы бөлігінде құлақша және сақина арқылы бесбұрышты қалыпқа бекітілген. Қалып қызыл, жасыл және қара түсті кезектескен жолақтары бар муарлы таспамен қапталған. Медальдің алдыңғы бетінде бесбұрышты жұлдыз, мерекелік салют, лавр бұтақтары, «1945» және «1985» жылдары, сондай-ақ соғысқа қатысушылардың рельефті бейнелері орналасқан. Медаль Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына арналған мерейтойлық награда ретінде 1985 жылы шығарылған. Экспонат Қыраубаев Қ. коллекциясына тиесілі.
Мерзімделу кезеңі:
1985
Материал:
Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
Диаметр - 4 см
Санат:
Нумизматика