5 теңгелік банкнот
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат 1993 жылғы үлгідегі 5 теңгелік банкнот болып табылады. Алдыңғы беті қоңыр түсті. Оң жағында халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының портреті бейнеленген, жанында тік бағытта оның аты-жөні мен өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағындағы төменгі бөлігінде қазақтың ұлттық өрнегі орналасқан, сол жақ төменгі бұрышында номиналдың астында өрнекті композиция берілген. Артқы беті қызғылт-сары түсті, ортасында кесенелер кешені бейнеленген.
Сериясы: АЕ 9541404.
Мерзімделу кезеңі:
1993
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Типографиялық баспа
Өлшемі:
129 × 63 мм
Санат:
Нумизматика