Үшаяқ (мосы) - Итіке бидің мосысы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Үшаяқ (мосы) - темірден соғылып жасалған дәстүрлі тұрмыстық бұйым. Үш ұзын аяқтан тұрады, жоғарғы бөлігінде қазан ілуге арналған дөңгелек шығыршық орнатылған. Аяқтары бір-бірімен топсалы түрде байланыстырылғандықтан, мосыны жинап-қаттауға және тасымалдауға ыңғайлы. Темір өзектері қолмен соғылып, бетіне балға іздері түсірілген. Бұйым көшпелі қазақ тұрмысында ошаққа қазан асып, ас дайындауға пайдаланылған. Аңыз-әңгімелер бойынша бұл мосы қазақтың белгілі биі Итіке биге тиесілі болған тарихи-этнографиялық жәдігер болып саналады.
Мерзімделу кезеңі:
ХVІІІ ғ.
Материал:
Темір
Техника:
Ию, Қалыптау, Құрастыру
Өлшемі:
биіктігі-55 см.
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар, Этнография