Киіз (текемет)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Киіз текемет - қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарының бірі, қой жүнінен қолдан басу әдісі арқылы жасалған. Бұйымның түсі ақшыл қоңыр, ал беткі жағы ақ түсті жүннен жасалған қазақтың дәстүрлі «қошқар мүйіз» ою-өрнектерімен толық өрнектелген. Оюлардың жиектері қызыл және сары жіптермен көмкеріліп, композицияға айқындық пен көркемдік береді. Төменгі бөлігі кенеп матамен қапталған. Экспонат жақсы сақталған және қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті мен сәндік-қолданбалы өнерінің көрнекті үлгісі болып табылады.
Мерзімі: ХХ ғасыр
Материалы: қой жүні, жіп
Техникасы: қолмен басылған
Өлшемі: ұзындығы - 3,10 м, ені - 1,52 м
Мерзімделу кезеңі:
2010
Материал:
Жүн
Техника:
Киіз басу
Өлшемі:
3,10 х 1,52 метр
Санат:
Этнография