Мұрағат құжаты (көшірме)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мұрағат құжаты (көшірме). Сұлтанбек Қожановтың қылмыстық ісін қайта қарау туралы анықтама. Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік архивінің Шымкент филиалы. 2274-қор, 3-тізім, 13-іс.
Орыс тіліндегі машинкамен терілген құжат. Онда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының Сұлтанбек Қожановтың қылмыстық ісін қайта қарап, 1938 жылғы 8 ақпандағы үкімді қылмыс құрамының болмауына байланысты күшін жойғаны және оның қайтыс болғаннан кейін ақталғаны туралы мәліметтер берілген.
Мерзімделу кезеңі:
1957 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
29х21 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)