Құйма алтын дайындама
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Зергерлік бұйымдарды кейіннен жасауға арналған алтыннан құйылған дайындама. Пішіні ұзынша, сәл иілген, көлденең қимасы дөңгелек. Беткі қабаты тегіс емес, кей жерлерінде құю үдерісіне тән іздер, ұсақ ойықтар мен біркелкі емес тұстар байқалады. Екі шеті шабу арқылы өңделген, жиектері тегіс емес. Бұйым тұтас, көзге көрінетін жарықтары мен елеулі зақымданулары жоқ. Бастапқы пішінін сақтаған.
Мерзімделу кезеңі:
ХІ-ХІІ ғғ.
Материал:
Алтын
Техника:
Құю
Өлшемі:
D-0,3 см., L-2,1 см.
Санат:
Археология