Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тігуге арналған жапсырма

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жапсырма жіңішке концентрлік жолақтардан ширатылып жасалған төрт шеңберден тұрады. Әр шеңбердің ортасына диаметрі 0,3 см., биіктігі 0,2 см. болатын бүршік тәрізді дөңес дәнекерленген. Шеңберлер бір-бірімен дәнекерленіп біріктірілген, дәнекерленген жерлері ұсақ түйіршікпен әшекейленген. Жапсырманың ортасында шеңберлердің ортасындағы бүршіктерге ұқсас тағы бір бүршік бар. Бүршіктер зақымдалған. Бұйымның іші қуыс, бүйірлерінде бір-біріне жақын орналасқан екі-екіден тесіктер бар. Артқы жағында бұйым пішінін қайталайтын, төрт шеңберден құралған жұқа тұтас пластина орналасқан. Алдыңғы және артқы бөліктері қалыңдығы 0,3 см. болатын жіңішке таспамен біріктірілген, ол шеңберді айналдыра жиектеп тұрады.

Мерзімделу кезеңі: XI-XII ғғ.
Материал: Алтын
Техника: Құю
Өлшемі: a - 1,7 см., b - 1,7 см.
Санат: Археология
Scroll to Top