Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшықтан жасалған сынапкөзе. Қабырғасы қалың, шағын көлемді ыдыс. Аузы тар, мойыны аласа. Ернеуі білік тәрізді, дөңес пішінді. Шар тәрізді, түбі сүйір пішінді. Жоғарғы бөлігі тік және қиғаш сызықтармен безендірілген, олардың ұштары екі шеңбермен аяқталады. Ыдыс сұр ангобпен жабылған.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 12,1 см., мойын ұзындығы - 2,2 см., ернеу диаметрі - 2,9 см., тұлға диаметрі - 9,3 см., ауыз диаметрі - 0,8 см.
Санат:
Археология