Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшыкпен жасалған сынапкөзе. Қалың қабырғалы ыдыс, мойыны аласа, аузы өте тар, ернеуі шығыңқы көмкерілген. Денесі шар тәрізді, түбі сүйір пішінді. Бұйым көлемді және ауыр. Иықтың жоғарғы бөлігі домалақ және үшбұрышты ойықтармен безендірілген. Зақымданған. Бүйір қабырғасында екі дәнекерлеу ізі бар.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
h - 11,8 см., мойын ұзындығы - 1,8 см., ернеу диаметрі - 2,8 см., тұлға диаметрі - 9,8 см., ауыз диаметрі - 0,7 см.
Санат:
Археология