Шырағдан тірегі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан тірегі жақсы иленген, тығыз саз балшықтан жасалған, ашық қоңыр түсті. Құрамында ұсақ құм түйіршіктері аз мөлшерде кездеседі. Беті қоңыр жылтыр сырланған. Шырағданның негізінде күлтеге ұқсас тұғырша бар. Тірегі өсімдік тектес, ұштарында гүл жапырақшасына ұқсап жайылатын сабақтар бейнеленген.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтыр сырлау, Қалыптау, Пішіндеу
Өлшемі:
Ені - 2,9 см, ұзындығы - 5,5 см.
Санат:
Археология