Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сұр саз балшықтан жасалған эллипс пішінді сынапкөзе денесінің жоғарғы бөлігі кеңейген, түбі сүйір тәрізді, иықтары еңіс. Ыдыстың жоғарғы бөлігі өрнектелген. Мойын маңында ыдыс шеңбері бойымен жүргізілген үш таяз сызық бар. Иық бөлігі тістеулі мөрлене жасалған бедерлермен әсемделген: тік сызық және қиғаш бағыттағы таңбалармен, сондай-ақ бір-біріне толқынды тәрізді орналасқан екі қатар ұсақ үшбұрышты ойма өрнектермен безендірілген. Ыдыстың ортаңғы бөлігі екі терең сызылған сызық арқылы жеке өрнектік белдеу ретінде бөлінген, бұл белдеу қиғаш бағытта түсірілген тістеулі өрнек іздерімен толтырылған.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Өңдеу
Өлшемі:
Высота сосуда (с реставр.)- 11 см., диаметр горловины (с реставр.) - 3,0 см.,диаметр отверстия (с реставр.)- 0,6 см., диаметр тулова - 8,5 см.
Санат:
Археология