Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шәйник

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Шәйнек - композитор Мұқан Төлебаевтың Қытайдан қарындасы Камаш Әлімқызына сыйлық ретінде әкелген бұйымы. Шай демдеуге арналған. Ыдыстың бүйірі шығыңқы, түбіне қарай жіңішкереді, ал жоғарғы бөлігі қақпаққа арналған цилиндр пішінді болып келеді. Бір жағында тік орналасқан «С» әрпі тәрізді тұтқасы, екінші жағында ұшына қарай жіңішкеретін шүмегі бар. Шәйнектің бүйірі гүлді ою-өрнекпен безендірілген. Экспонат композитордың отбасылық байланыстарын және шай ішу мәдениетінің ерекшеліктерін танытып, мемориалдық, тарихи-тұрмыстық және мәдени құндылыққа ие.

Мерзімделу кезеңі: 1958
Материал: Фарфор
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: биіктігі - 14 см.
Санат: Тұрмыстық бұйымдар
Scroll to Top