Шырағдан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Саңылауы қырлы тостағанша пішінді. Тұтқасы денесіне тұмсығына қарама-қарсы бекітілген, қимасы көпқырлы, ал ұшы үшбұрыш тәрізді аяқталып, мөрленген өрнекпен безендірілген. Шырағданның беті алдымен ақ түсті астармен жабылып, үстіне жайылған жасыл дақтар түсірілген, кейін түссіз сырмен қапталған. Шүмегінің жиегінде күйе іздері байқалады. Саңылау түбінде шиыршық тәрізді бедер бар.
Мерзімделу кезеңі:
Х-XIІ
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Резервуардың диаметрі - 7,3 см, резервуардың биіктігі - 3,9 см, бұйымның ұзындығы - 16,4 см, тұтқасының ені - 1,0 см, шүмегінің ұзындығы - 7,8 см, тұтқасының өкшесімен қоса алғандағы биіктігі - 7,5 см, ернеуінің диаметрі - 3,0 см, өкшесінің өлшемі - 4,0 × 3,0 см.
Санат:
Археология