Белдік қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белдікке арналған қапсырма. Бұйымның төменгі жиегі пішінді ойылған, тікбұрышты қалқан тәрізді қапсырма. Алтын түстес қола қорытпасынан жасалған, беті тотпен жабылған.Жапсырманың алдыңғы бетінде куфи жазуымен араб тілінде екі жолдан тұратын жазу бар.Жазудың мәтіні: «Алладан дәреже». Ішкі беті кедір-бұдырлы, екі ілмегі бар.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Қола
Техника:
Құю
Өлшемі:
a қабырғасының ұзындығы - 3,8 см., b қабырғасының ұзындығы - 2,5 см.
Санат:
Археология