Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құмыра қызыл саздан жасалған, жапсырмалы әдісімен иленіп жасалған. Денесі шар тәрізді, орта тұсы томпайып келген және жалпақ түбіне қарай жіңішкереді. Ернеуі білік тәрізді түзу жолақтан жасалып, төртбұрышты жиекпен аяқталған. Екі ілмек тәрізді тұтқасы бар, бүршік тәрізді жапсырмалары бар тұтқалар денесінің томпайған бөлігі мен иық тұсына тік бағытта бекітілген. Тұтқаның төменгі бекітілген бөлігінде екі бойлық бар. Денесінің томпайған бөлігіне штрих тәрізді батырып салынған жолақ түсірілген, оның астына ортасында нүктелі батырулары бар шиыршық тәрізді өрнектер қашалып салынған. Ыдыстың төменгі бөлігі күйе басқан.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы
Өлшемі: Биіктігі - 22 см., түбінің диаметрі - 13,5 см., ернеуінің диаметрі - 18 см., тұтқасының биіктігі - 10 см., тұлғасының диаметрі - 24,5 см., тұтқасының ені - 3 см., тұтқа жапсырмасының диаметрі - 1,8-2,0 см.
Санат: Археология
Scroll to Top