Томаға
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бүркіттің басына кигізілетін, екі көзін толық жауып тұратын былғары бұйым. Томаға құсты тыныштандыру және аңшылыққа қатыспаған кезде оның ұшып кетуіне жол бермеу үшін пайдаланылады. Сондай-ақ құсты жуу кезінде де қолданылады. Басқа кигізілетін бөлігі дулыға тәрізді пішінде жасалған. Төменгі жағында бүркіттің тұмсығына сәйкес келетін шығыңқы бөлігі бар. Бұйымды құстың басына бекіту үшін төменгі, тамақ тұсында бауы орналасқан.
Текелі қаласының тұрғыны Бүркітбай Файзоллаұлы өткізген.
Мерзімделу кезеңі:
2000 г.
Материал:
Былғары
Техника:
Басқа
Өлшемі:
2х4х7 см
Санат:
Этнография