Найзаның ұшы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мерзімі: ХІХ ғасырдың бірінші жартысы.
Металдан жасалған найзаның ұшы. Төрт қырлы, әр қырының түбінде конус пішіні бар. Бұл жәдігер 1836-1837 жж. ұлт-азаттық көтерілісінің қатысушысы, Исатай мен Махамбеттің батыр серігі - Шыналы Байтілесовке тиесілі болған. Батыр Шыналы Байтілесовтің немересінен сыйға алынған.
Техникасы: Қыздырып соғу, шыңдау.
Материал:
Металл
Өлшемі:
51 см.
Санат:
Қару-жарақ