Куәлік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Куәлік екі бөліктен тұрады. Сол жақ бетінде қызыл түсті таспаға ілінген «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина» мерейтойлық медалінің түрлі-түсті бейнесі берілген. Медальдің ортасында В.И. Лениннің қырынан салынған бейнесі және төменгі бөлігінде «1870-1970» деген жазу орналасқан. Оң жақ бетінде марапат иесінің аты-жөні, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы атынан марапаттау туралы мәтін, Қаратал аудандық еңбекшілер депутаттары кеңесінің мөрі, жауапты тұлғалардың қолдары және 1970 жылғы 2 сәуір күні көрсетілген. Куәлік мерейтойлық медальға берілген ресми құжат болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
1970 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
15 х 10 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)