Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Келсап

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық құралы. Тұрмыста дәнді дақылдарды келіде түю және ұнтақтау үшін пайдаланылған. Ағаштан жасалған, пішіні ұзынша, домалақ келген. Келсаптың бір ұшы жуандатылып, келідегі өнімді түюге арналған, екінші бөлігі ұстауға ыңғайлы сап ретінде жасалған. Сабы ені шамамен төрт елі болатын мал терісінің жолағымен оралған. Теріден жасалған орам ағаш негізді жарылудан қорғап, құралдың соққыға төзімділігін арттырған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ.
Материал: Ағаш, Былғары, Металл
Техника: Жону
Өлшемі: 90 см
Санат: Тұрмыстық бұйымдар
Scroll to Top