Қызыл Жұлдыз Ордені №155739
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Орден қызыл лағыл эмальмен қапталған бес бұрышты жұлдыз түрінде жасалған. Ортасында қолында мылтығы бар шинель мен буденовка киген Қызыл Армия жауынгері бейнеленген қалқан орналасқан. Қалқан жиегінде «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген жазу, төменгі бөлігінде «КСРО» белгісі және астында орақ пен балға бейнеленген. Орденнің беткі бөліктері мен жұлдыз қырлары тотыққан. Артқы жағында киімге бекітуге арналған штифт пен гайка бар.
Мерзімделу кезеңі:
1944 г.
Материал:
Күміс, Эмаль
Техника:
Дәнекерлеу, Қалыптау, Құю
Өлшемі:
d-4,9 см.
Санат:
Фалеристика