Келі-келсап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Келі-ағаштан шабылып жасалған, дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын дәстүрлі тұрмыстық бұйым. Келінің сабы-келсап, арнайы көлеңкеде кептірілген қатты жуан ағаштан жасалған. Жоғарғы жағы диаметрі 10 см, одан төмен қарай 26 см аралығы жұмырланған. Төменгі жағы-14 см ұзындықта, ортасы 4 см етіп ойылған, екі жағы қолға ыңғайлы болуы үшін жұмырланып шабылған. Ұшы диаметрі 5 см етіп жіңішкеріп келген. Келсаптың ұшы ұрыла-ұрыла мүжілген, жоғарғы бөлігі жарылып сынған.
Мерзімделу кезеңі:
1928 ж.
Материал:
Ағаш
Техника:
Жону, Өңдеу
Өлшемі:
биіктігі- 16 см, аузы-9 см, диаметрі-38, табаны-10 см.
Санат:
Ағаш