Телефон
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл кеңселік телефон - көрнекті композитор, Қазақстанның халық артисі Мұқан Төлебаев 1950-жылдары Абай атындағы академиялық опера және балет театрында директор болып қызмет атқарған кезінде қолданған байланыс құралы.
Телефон қара түсті, төрт бөліктен тұрады: тұтқасы, негізгі корпусы, айналмалы нөмір тергіші және қосылған сымы. Бұл құрал сол дәуірдегі кеңсе мәдениетінің бір бөлшегі болумен қатар, композитордың шығармашылық пен ұйымдастырушылық қызметінің куәсі ретінде тарихи маңызға ие.
Мерзімделу кезеңі:
1953 год
Материал:
Металл, Пластмасса
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
18х14 см.