Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» мерейтойлық медалі. И.Е. Смоленскийге берілген. Жезден жасалған, диаметрі 36 мм, дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде Е.В. Вучетичтің «Отан-Ана» мүсіні, мерекелік отшашу көрінісі, лавр бұтағы, бесбұрышты жұлдыз және «1945-1975» даталары бейнеленген. Артқы бетінде «УЧАСТНИКУ ВОЙНЫ» және «XXX лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» жазулары, балға мен орақ бейнесі орналасқан. Барлық элементтері бедерлі, ернеумен жиектелген. Медаль жібек муар лентаға бекітілген.

Мерзімделу кезеңі: 1975 ж.
Материал: Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: d -32 мм, 8,4х4,5 см.
Санат: Металл
Scroll to Top