Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шара

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұл - дәстүрлі қазақ тұрмысында қолданылатын «шара» деп аталатын ағаштан жасалған үлкендеу ыдыс. Шара - көбіне қымыз, айран, шұбат сияқты сусындарды құйып, сақтауға және қонақтарға ұсынуға арналған. Сыртқы беті ұлттық нақыштағы өсімдік тектес ою-өрнекпен безендірілген, қызыл және қара түсті бояулармен әрленген. Іші алтын түстес бояумен боялған, бұл оның сәндік-эстетикалық құндылығын арттырып тұр. Мұндай ыдыстар көбіне той-томалақтарда, қадірлі қонақтарға ас-су бергенде қолданылған.

Мерзімделу кезеңі: 1980 ж.
Материал: Ағаш, Бояу
Техника: Тесу, оймалау
Өлшемі: Диаметр - 20 см, длина - 9 см.
Санат: Тұрмыстық бұйымдар
Scroll to Top