Медаль және куәлік № 397573
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі қола түстес металдан жасалған. Алдыңғы бетінде КСРО мемлекеттік рәмізі - орақ пен балға, жұлдыз, бидай масақтары және күн сәулесінің бейнесі бедерленген. Артқы бетінде тың игеру көрінісі, ауыл шаруашылығы техникасы мен өндіріс ғимараттары бейнеленіп, «За освоение целинных земель» деген жазу орналасқан. Медаль жасыл және сары жолақты лентасы бар бесбұрышты аспаға бекітілген. Экспонатпен бірге марапат иесінің аты-жөні, марапаттың атауы, берілген күні, мөрі мен қолдары көрсетілген түпнұсқа куәлігі сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
1957 ж.
Материал:
Қағаз, Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
7 Х 10 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)