Бұрыш ұнтақтағыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұрыш ұнтақтағыш. Сопақ пішінді, негізгі бөлігі ағаштан ойылып жасалған тұрмыстық бұйым. Жоғарғы дөңгелек бөлігінің диаметрі-3 см, төменгі түбі-4 см, биіктігі-8 см, салмағы-106 г. Ортаңғы айналмалы бөлігі мен айналдыру шынтағы темірден жасалып, темір бекіткішпен бекітілген. Ұстап айналдыратын тұтқасы-ағаш. Түпкі бөлігінің ішкі жағындағы ойыққа темір пластина орнатылып, төрт жағынан шегемен шегеленген. Түсі сарғыш.Заттың жасалу уақыты мен шебері белгісіз. Жәдігер Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың отбасы қолданған. ҚР МОМ алынған 28.02.1984 ж.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
D-3 см верхней поверхности h-8 см, D-4 см нижней части
Санат:
Ағаш