«Ана медалі» (II дәрежелі)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Ана медалі» II дәрежелі медалі дөңгелек пішінді, алтын түстес металдан жасалған. Медальдың алдыңғы бетінде сәбиін құшағына алған ана бейнесі, жоғарғы бөлігінде бесжұлдыз, төменгі жағында «СССР» және «Медаль материнства» деген жазулар бейнеленген. Медаль ақ және көгілдір түсті жолақты таспаға бекітілген. Медальмен бірге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан берілген куәлігі сақталған. Куәлікке сәйкес марапат 1965 жылғы 30 шілдедегі Жарлық негізінде беріліп, 1965 жылғы 1 қыркүйекте рәсімделген.
Мерзімделу кезеңі:
1965 ж.
Материал:
Қағаз, Металл
Техника:
Басу
Өлшемі:
8 х 11 см, 29 мм.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)