Кесеқап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кесе қап.Көші-қонда шыны ыдыс,кеселер сынбас үшін салып алып жүретін теріден жасалып, ернеуі ағаштан шегеленген кесе қап. Кесе қаптың теріден жасалған кесе салынатын бөлігінің сыртына қазақы ою-өрнек батырылып салынған.Ортасына қайыс бау өткізіліп оған қайыстан 18 см ұзындықта шашақ тағылып, шашақтың түбін сары жезбен бекіткен. Тері қаптың ернеуі бекітілген ағаштың жоғарғы жағына қос тесік салынып,оған атқа байлап алып жүретіндей қайыс бау тағылған. Ал төменгі жағы мен екі жақ шетіне қайыстан шашақ тағылып байланған. Шыны кесе салатын қуысының диаметрі-16 см.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в.
Материал:
Ағаш, Былғары, Металл
Техника:
Жону, Илеу, Соғу
Өлшемі:
l-28 см,b-22см
Санат:
Ағаш