Шырағдан тірегі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шырағдан тірегі жақсы иленген, тығыз құрылымды ашық қоңыр түсті саз балшықтан жасалған, құрамында ұсақ құм түйіршіктерінің аздаған қоспалары бар. Беті қоңыр түсті сырлы қабатымен жабылған. Төртбұрыш пішінді алаңша бар, оның үш шығыңқы ұстіне орналасқан. Өрнегі өсімдік тектес және зооморфты сипатта. Жоғарғы бөлігінің ортасында ұлттық «Қошқар мүйіз» өрнегі бейнеленген. Тамшы тәрізді жиектемеде иірім өрнектер орналасқан, ал төменгі бөлігінде ашылған жапырақша тәрізді өрнек берілген.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Жылтыр сырлау, Қалыптау, Пішіндеу
Өлшемі:
Ені - 3,3 см, ұзындығы - 4,7 см.
Санат:
Археология