Сынапкөзе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сынапкөзе сұр саз балшықтан жасалған. Қалың қабырғалы, өте тар тесікшесі бар, биік емес мойынның жиегі безендірілген ыдыс. Денесі дөңгелек, түбі сүйір тәрізді дөңгелек пішінде жасалған. Заты ірі әрі ауыр. Жоғарғы бөлігі үш шеңбермен безендірілген.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 13,9 см., мойын ұзындығы (қалпына келтірілген) - 2,0 см., ернеу диаметрі (қалпына келтірілген) - 3,2 см., тұлға диаметрі - 8,1 см., ауыз диаметрі (қалпына келтірілген) - 0,5 см.
Санат:
Археология