Табақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызыл саз балшықтан жасалған, дөңгелек пішінді табақша, дөңгелек тәрізді түбіне орналасқан. Ішкі беті ақ ангоб үстіне сары ашық сырмен қапталған, онда бай өсімдік өрнектері ( жүзім сымталары) қоңыр және жасыл түстермен салынған. Табақтың сыртқы жиегі сыр астындағы қою қоңыр сызықтармен безендірілген. Қол шарықта жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Керамика
Техника:
Керамика техникасы
Өлшемі:
Биіктігі - 7,8 см., ернеуінің диаметрі - 24,1 см., түбінің диаметрі - 8,2 см.
Санат:
Археология