Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құмыра ашық түсті саздан жасалған, беті ашық ангобпен қапталған, қол шарықта өндірілген. Денесі алмұрт тәрізді, жоғарғы бөлігі томпайып келген. Түбі жалпақ. Мойыны цилиндр пішінді, жоғары қарай кеңейеді. Тұтқасының бір ұшы мойынның жоғарғы бөлігіне, екінші ұшы денесінің томпайған бөлігіне бекітілген. Мойыны мен иық тұсына айландыра сызықтар түсірілген, олардың арасына нүктелі сызықтар, созылыңқы сопақшалар және үшбұрыштар түріндегі батырып ойылған өрнек салынған.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Пішіндеу
Өлшемі: Биіктігі - 19,0 см., түбінің диаметрі - 9,2 см., ернеуінің диаметрі - 14,8 см., тұтқасының ұзындығы - 11,0 см., тұлғасының диаметрі - 17,8 см., тұтқасының ені - 2,8 см.
Санат: Археология
Scroll to Top