Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шырағданның аяқ бөлігі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Шырағданның аяқ бөлігі негізінің ернеу бөлігімен бірге сақталған. Ернеуіндегі өрнек жартылай шеңбер және жиек бойымен жүргізілген түзу сызықтар түрінде ойып түсірілген. Аяқ бөлігінің өзі жануардың табанына ұқсатып жасалған. Аяқ бөлігінің төменгі жағында металдың толық бұзылуынан пайда болған диаметрі 0,4 см. тесік бар. Бұйымның беткі қабаты тегіс. Ішкі бөлігі дөрекі өңделген, дәнекерлеу іздері байқалады. Бұл аяқ бөлігінің басқаларынан ерекшелігі - ішкі жағында аяқ бөлігін шырағданның негізімен жалғастыратын жұқа әрі берік доға тәрізді бөлшектің болуы. Аталған бөлшек шырағданға қосымша тірек қызметін атқарған.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Қола
Техника: Металл өңдеу
Өлшемі: Ұзындығы - 11,0 см, табанының өлшемі - 4,5 × 3,3 см.
Санат: Археология
Scroll to Top