Тігуге арналған жапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жапсырма төрт шеңберден тұрады, олар жіңішке концентрлі жолақтардан ширатылып жасалған. Әр шеңбердің ортасына диаметрі 0,3 см, биіктігі 0,2 см болатын кішкентай дөңес түйір дәнекерленіп бекітілген. Шеңберлер бір-бірімен дәнекерленіп жалғанған, ал жалғанған жерлері ұсақ түйірлермен дәнекерлі зермен безендірілген. Жапсырманың ортасында шеңберлердің ортасындағы дөңес түйір ұқсас тағы бір түйірі бар. Оның біреуі зақымдалған. Бұйымның іші қуыс. Бүйір жақтарында бір-біріне жақын орналасқан екі-екіден тесіктері бар. Артқы жағында бұйым пішінін қайталайтын жұқа тұтас пластина орналасқан, ол төрт шеңберден құралған пішінде қайталайды.
Мерзімделу кезеңі:
XI-XII ғғ.
Материал:
Алтын
Техника:
Құю
Өлшемі:
a - 1,7 см., b - 1,7 см.
Санат:
Археология