Құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қолмен жапсырылып жасалған құмыра, тұлғасы жұмыртқа тәрізді, ол біртіндеп аласа мойнына жалғасады. Мойын жиегінде ойықшасы бар шүмек орналасқан. Тұтқасы тік, иінделген, үш шығыңқысы бар. Мойын мен денесінің түйіскен жері сызықтармен безендірілген. Ернеуінің астында және шүмек тұсында сызба өрнек бар. Қабырғасы жұқа, қоспалары бар жақсы иленген қызыл саздан жасалған. Беті сырлы.
Мерзімделу кезеңі:
Х-ХІІ вв.
Материал:
Керамика
Техника:
Пішіндеу
Өлшемі:
H - 33 см., мойын D -16,5 см., түбі D - 22 см.
Санат:
Археология