Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тақыр кілем

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Оңтүстік Қазақстан.Көліне торкөз етіп қиық бұрышты шаршы өрнегі терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл-сарғыш кілем. Ортасындағы қиық бұрышты шаршы өрнегінің ішіне төртқұлақты «қосмүйіз» өрнегі салынған. Аралықтарына «шаршы» өрнегі бейнеленген. Жиегіне тіс өрнегінен екі қатар су жүргізіліп арасындағы қорғанына «керегекөз» өрнегі айнала тізбектелген. Кілемнін кенересі айнала қара түсті жүн жіптен тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған

Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Материал: Жүн
Техника: Өрмек тоқу
Тақырып: Кілем-киіз бұйымдары

Сақталу жағдайы

Түсі өңген

Scroll to Top