Қазан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Табылған орны: АОТӨМ АЭ, Миялы қорғандары, 2017 ж.
Мерзімі: б.з.д. ІІІ-б.з.ІІ ғасыры.
Ернеуі сыртына қайырылған қазанның пішіні шар тәрізді, қиық конусты табан тұғырына орналастырылған. Төрт жағында ілмек түріндегі тік тұтқалары аң бейнесінде құйылған. Қарама қарсы орналасқан екеуі жылқының стилдік бейнеленген түрінде, қазан ішіне қарап тұрғындай әсер береді. Жылқының құлағы, жалы және құйрығы анық бейнеленген. Басқа екі тұтқасы дөнес мандайы мен қысқа құйрығынан байқалатындай киік-ақбөкеннің стилденген бейнесі танытады.
Техникасы: құйма.
Өлшемі: биіктігі 23 см, ернеуінің диаметрі 19 см, тұлғасының диаметрі 27 см, тұғырының биіктігі 7 см, тұғырының диаметрі 6 см.
Сақталу жағдайы
Тұтқалардағы фигуралардың екеуінің бастары мен құйрықтары сынған