Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мәсі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мәсі - қара былғарыдан жасалған ер адамның күнделікті аяқ киімі. Іші жолақты мақта матамен астарланған. Керсені (басы), қонышы, күлшіні жеке-жеке пішіліп, өзара қолмен қайып тігілген. Қоныш аузы мен бел ортасында қосқатар машинка тігісі жүргізілген. Керсені мен қонышы арасына жасыл сыздық жүргізілген. Күлшіні мен табандық ұлтаны қалың қоңыр былғарыдан салынып, мық шегемен бекітілген. Күлшіндік ұлтанға қадаубаспен өрнек салынған. Өкшесіне бір қабат ұлтан қабатталып салынған. 1991 ж. Қызылорда обл. тұрғыны И.Мариевтан алынған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ.
Материал: Ағаш, Былғары, Мақта мата
Техника: Илеу, Пішу, Тігу
Өлшемі: Қонышы: алды - 31,5 см, арты - 29 см, тұрқы - 25 см, табан ені - 5,5-8,5 см.
Санат: Киім және кесте, Этнография
Scroll to Top