Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Мен атеистімін» газет мақаласы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат 1966 жылғы 10 шілдеде «Коммунистік еңбек» газетінде жарияланған «Мен атеистімін» атты мақаладан тұрады. Мақала авторы - Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері Калиева Ж. Басылым кеңестік кезеңдегі атеистік дүниетанымды және ғылыми материализмді насихаттауға бағытталған мемлекеттік идеологиялық саясаттың көрінісі болып табылады. Мақала газет қағазына типографиялық әдіспен басылып, сол кезеңдегі мерзімді баспасөзге тән рәсімдеумен безендірілген. Экспонат ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі мен кеңестік баспасөз тарихын зерттеуде маңызды тарихи дерек көзі болып табылады.

Мерзімделу кезеңі: 1966
Материал: Қағаз
Техника: Басу, Типографиялық баспа
Өлшемі: 21,5 × 18 см
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top