1 теңгелік банкнот
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат 1993 жылғы үлгідегі 1 теңгелік банкнот болып табылады. Алдыңғы беті көк түсті. Оң жағында шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің портреті бейнеленген, жанында тік бағытта оның аты-жөні мен өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағындағы жоғарғы бөлігінде қазақтың ұлттық өрнегі орналасқан, төменгі сол жақ бұрышында номиналдың астында өрнекті композиция берілген. Артқы беті қызғылт түсті, ортасында әл-Фарабидің ғылыми мұрасына байланысты геометриялық өрнектер мен формулалар бейнеленген. Сериясы: № АГ 7253427.
Мерзімделу кезеңі:
1993
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Типографиялық баспа
Өлшемі:
124 × 62 мм
Санат:
Нумизматика