«50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерекелік медалі.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Пішіні - шеңбер. Аверсі: Спасск мұнарасы бар Кремль қабырғасының, Покров соборы және мерекелік отшашу; Отан соғысы орденінің бейнелері; «1941-1945» сандары. Реверсі: «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» жазуы. Барлық жазулар мен суреттер дөңес. Медаль құлақша мен сақина арқылы қызыл жібек қатқыл лентамен қапталған бес бұрышты тағанға жалғанады. Ұлы Отан соғысына қатысушы Ж.Есенбековтің марапаты.Мерзімделуі: 1993 жыл.
Материалы: жібек қатқыл мата.
Техникасы: шекімелеу.
Өлшемі: диаметрі 32 мм.
Санат:
Нумизматика
Материал:
Жібек муар лентасы, Металл, Томбак
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Ысылған, ластанған. Қатқыл матасы түсі онған, көлемді жерлері жыртылған, қара дақтар.