Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дөңгелек пішінді монета, ортасында дөңгелек пішінді сквозной тесік бар. Аверсінде соғды тіліндегі «bүу twrkys ү’ү’n pny» деген жазу орналасқан (Смирнова, 1981). Реверсінде тұргештердің таңбасы бейнеленген. Таңбаның сол жағында руникалық белгі, төменгі бөлігінде «pny» деген соғды жазуы орналасқан. Монетаның жиектері тегіс емес, жазулары жартылай бұрмаланған. Беткі қабаты қоңыр-жасыл түсті патинамен қапталған, коррозия іздері байқалады. Екі бетінде де қосымша ұсақ тесіктер бар.
Мерзімделу кезеңі:
VIII
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 20 мм. Тесігінің диаметрі - 4 мм.
Санат:
Нумизматика