Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тиын (Түргеш қағанаты)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Дөңгелек пішінді монета, ортасында шаршы тәрізді тесік бар. Аверсінде соғды тіліндегі «bүу twrkys ү’ү’n pny» деген жазу орналасқан (Смирнова, 1981). Реверсінде тұргештердің таңбасы бейнеленген. Таңбаның сол жағында руникалық белгі, төменгі бөлігінде «pny» деген соғды жазуы орналасқан. Жазулар жартылай бұрмаланған және оқуға қиын. Монетаның беткі қабаты патинамен қапталған, коррозия іздері мен бедерінің зақымданған тұстары айқын байқалады.

Мерзімделу кезеңі: VIII
Материал: Мыс
Техника: Құю
Өлшемі: Диаметрі - 21 мм. Тесігінің диаметрі - 5 мм.
Санат: Нумизматика
Scroll to Top