Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дөңгелек пішінді монета. Жиектері тегіс емес, деформацияланған. Ортасында пішіні дұрыс емес сквозной тесік бар. Аверсінде соғды тіліндегі «bүу twrkys ү’ү’n pny» деген жазу сақталған (Смирнова, 1981). Реверсінде тұргештердің таңбасы бейнеленген. Таңбаның сол жағында руникалық белгі, төменгі бөлігінде «pny» деген соғды жазуы орналасқан. Монетаның жиектері тегіс емес, жазулары жартылай бұрмаланған. Беткі қабатында коррозия іздері бар және патинамен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
VIII
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 17 мм. Тесігінің диаметрі - 7 мм.
Санат:
Нумизматика