Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шамның бөлшектері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Шамның бөлшегі - алты қырлы цилиндр пішініндегі кестелі түтік. Екі бөліктен тұрады. Төменгі бөлігі тікбұрышты қималы жуан белдікпен бөлінген. Қырларында әртүрлі пішіндегі ойықтар орналасқан. Төменгі жағында - ұзынша, тік төртбұрышты үлкен ойық. Оның үстіңгі жағындағы үш жапырақты өрнекпен қосылған тұсында жіңішке ойық бар. Үш жапырақтың екі жағында төбелері бір-біріне қараған тең бүйірлі үшбұрыштар орналасқан. Олардың арасында тағы бір үшбұрыш бар, ол ұзынырақ пішінді және негізімен белдіктің төменгі шетіне тіреліп тұр. Үшбұрыштардың арасында ортасында қысқа сызықшалары бар екі жапырақ жіңішке сызықтармен сызылған. Жапырақтар қиғаш орналасқан және негіздері бір-біріне қараған.Жоғарғы бөлігі түтіктің көп бөлігін алады. Оның қырлары кестелі өрнекпен көмкерілген.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Қола
Техника: Құю
Өлшемі: Ұзындығы - 37 см, қырларының ені - 2,8 см.
Санат: Археология
Scroll to Top