Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жапсырма

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ұзынша сопақ пішінді, бүйір жақтары түзу. Ұзын жақтары бойымен биік емес түзу жиектері бар. Алдыңғы беті шеттеріне орналасқан екі шеңбермен үш бөлікке бөлінген. Бұл шеңберлер ойық сызықпен орындалған. Аталған сызықтар жоғарғы ұзын жақтағы жиегіне дейін жалғасады. Әрбір бөліктің ортасында қарайту техникасымен орындалған бір шеңбер орналасқан, оның ішіне тағы бір шеңбер салынған, одан ішке қарай жапырақ өсіп шыққан. Жапырақтан ұзын, шиыршықталған бүйір жапырақтары және ортасында шағын жапырағы бар. Барлық жапырақтардың ұштары дөңгеленген. Пальметталар әртүрлі бағытқа бағытталған: біреуі төменге, екіншісі жанға, үшіншісі қиғаш бағытқа. Төменгі ұзын жақтың ортасында дөңгелек ілмек бар. Ілмектің ішінде сақина өткізілген. Артқы жағында үш ілмек орналасқан.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Күміс
Техника: Құю
Өлшемі: Өлшемі - 34 × 11 × 4 мм (шпеньктерімен бірге - 6 мм), сақинаның диаметрі - 14 мм.
Санат: Археология
Scroll to Top