Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жапсырмаа

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Белгісіз бұйымның құс бейнесіндегі қаптамасы. Басы мен мойны көлемді етіп орындалған, ал денесі тұсында бұйымның тек алдыңғы беті көлемді жасалған. Денесі бір жазықтықта, басы мен мойны екінші жазықтықта орналасқан. Басы ірі, дөңгелек пішінді, мойны ұзын, сәл иілген. Басы солға қарай бұрылған. Дөңгелек пішінді өте ірі дөңес көздері бейнеленген, олардың сұлбасы екі бүйірі мен жоғарғы бөлігіндегі көлденең ойық сызықтармен айқындалған. Тұмсығы массивті, жоғарғы контуры қысқа доға тәрізді, төменгі контуры түзу. Мойны көлденең қимасында дөңгелек. Мойынның түбінде, мойын мен арқаның арасында шағын көлденең ойық бар. Денесі тамшы тәрізді, жалпақ. Беті қауырсындарды бейнелейтін қиғаш сызықтармен өрнектелген. Құйрығы ірі, трапеция тәрізді. Денесінің алдыңғы бөлігінде контуры қос сызықпен айқындалған ірі шеңбер бейнеленген.

Мерзімделу кезеңі: VI-XII
Материал: Қола
Техника: Құю
Өлшемі: Денесінің ұзындығы - 32,5 мм, мүсіншенің биіктігі - 31 мм, кеуде тұсындағы қалыңдығы - 7,5 мм, құйрығының қалыңдығы - 4 мм, шеңбердің диаметрі - 7 мм.
Санат: Археология
Scroll to Top