Жапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұйым жалпақ. Алдыңғы беті рельефті етіп жасалған, артқы жағы - тегіс. Бұл бөлік- ұзынша жапырақ тәрізді фигураның екі жағында орналасқан ірі жапырақ түріндегі әшекейдің бір бөлігі. Негізгі бөлікте бүйір жапырақтары дөңгелектенген, ұштары үшкір, ал ортасында тамшы тәрізді шағын жапырақша бар. Жоғарғы бүйір жапырақтар төменгілерге қарағанда әлдеқайда ұзын. Жапырақшалар жазылып тұрған құс қанаттарына ұқсайды. Бұйым сәл иілген, доға тәрізді пішінде.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII
Материал:
Қола
Техника:
Құю
Өлшемі:
Ұзындығы - 54 × 25 мм, қалыңдығы - 2 мм.
Санат:
Археология